- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ ТДМ 4-мақсат: Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру
БҰҰ ТДМ 4-мақсат: Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру
22 ақпан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 3-4 курс студенттері қатысып ғылыми тәжірибемен алмасу мақсатымен қонақ дәріс өткізілді.
Қонақ дәрісті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна ашып сөз сөйлеп, қонақ дәрістің мақсаты туралы, БҰҰ ТДМ мен Университетіміздің 90 жылдығына орай өткізіліп отырған шара екенін айттып, заң факультеті мен кафедраның тарихы туралы баяндама оқыды.
Қонақ дәріске Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ) «Құқық» кафедрасының профессорық-оқытушылық құрарамы қатысты.
ҚазҰАЗУ «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., қауым., профессор Г.М.Тлебаева; з.ғ.к., қауым., профессор Е.Д. Абилкасимов; з.ғ.к., қауым., профессор Қ.У.Байжанова; аға оқытушы, құқық магистрі Б.Р. Рысқұлбекова қатысты.
Дәріс барысында өзекті тақырыптар талданды. «Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылық» мәселесіне қатысты з.ғ.к., қауым., профессор Е.Д. Абилкасимов қызықты да, тәжірибелік мазмұнды дәріс оқыды.
«Қылмыстық процестің өзекті мәселелері» тақырыбында з.ғ.к., қауым., профессор Қ.У.Байжанова мазмұнды дәріс өткізді.
Студенттер белсенділік танытып, сұрақ-сауалға жауап беріп, тақырыптар бойынша өз пікірлерін айтты. Қонақ дәріс қорытындысы ұлттық нақышта және көк байрағымызды желбірете отырып тәмәмдалды.