Шетелдік студенттердің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына жасаған саяхаты
2024 жылдың 20 ақпанында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ПГ-7 және ПГ-9-топ тыңдаушылары куратор-эдвайзерлердің, аға оқытушылар А.С. Қазмағамбетова мен Л.К. Мамытбекованың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайына барды. Мұражай қызметкері Б.А. Қасымова бізге өте қызықты экскурсия өткізді, университеттің құрылу болу тарихын, университеттің осы бөлімшесінің басты міндеті университеттің мәдени-тарихи құндылықтарын сақтау, жинақтау және танымал ету болып табылатындығы туралы айтып берді.
Шетелдік студенттер университетіміздің дәстүрге бай тарихымен танысты: тарихи құжаттарды, сирек кездесетін жәдігерлерді, ежелгі әшекейлерді, түрлі ыдыстарды көрді. Бұл материалдың барлығы үш үлкен залда ұсынылған: тарих галереясында, Даңқ Залында және университеттің тұрақты даму залында. Сонымен қатар, түлектердің студенттері – Ғылым мен спорт жарыстарының жеңімпаздары, әртүрлі салаларда үлкен жетістіктерге жеткен Олимпиада чемпиондары туралы көптеген ақпарат бар.
Шетелдік студенттерге тарихи-мәдени мұраны таныстыру, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шараларды өткізу маңызды. Пікір кітабында олар өз тілектерін жазып қалдырып, естелік фотосуреттер түсірді.
Мұражай директоры А.Ж. Жапықбаева мен Б.А. Қасымоваға шетелдік азаматтарға экскурсия ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс айтамыз.