- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ОПҚ «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» сараптамалық стратегиялық сессиясына қатысты
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ОПҚ «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» сараптамалық стратегиялық сессиясына қатысты
Professional Week-2024 аясында ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Зерттеу университетін дамытудың заманауи трендтері» тақырыбында сараптамалық стратегиялық сессиясы өтті.
Іс-шараға білім беру саласындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, профессор-оқытушылар құрамы және Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ләззат Еркінбаева жиынға қатысушыларды еліміздің жетекші жоғары оқу орнының 90 жылдығымен құттықтап, сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың ұлттық орталығының «Мамандығым – болашағым» жобалық тобының жетекшісі Олжас Сәкенов баяндамасымен таныстырды. Сонымен қатар, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің оқу жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Талантбек Құрманбекұлының «ЖОО-дағы білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау» баяндамасы тыңдалды. Жиын барысында педагогика ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Торайғыров атындағы университеттің академиялық артықшылық орталығы басшысының м.а., Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы Марина Скиба, «Антиплагиат» компаниясының атқарушы директоры Юрий Чехович және басқалар өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады.