ТДМ 4 аясында ұйымдастырылған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты онкүндіктің қорытындысы

23 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдығына арналған қазақ әдебиетінің Хантәңірі шыңындай биік тұлғасы,  Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ сондай-ақ ТДМ 4 аясында ұйымдастырылған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты онкүндіктің қорытындысына арналған жыр кеші өтті. 
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқып жатқан  қазақ диаспорасы өкілдері, шетелден келген АИР тыңдаушылары, колледж студенттері және лицей оқушылары шығармашылық байқауға өздерінің жұмыстарын ұсынды. Барлығы 150ден аса  поэзия, эссе, көркем жазу, ақын сөзіне жазылған ән және суреттер жиналды. 
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты байқаудың  бағыттары:
І. «Кел, сауатты жазайық!»  атты көркем жазу (АИР тыңдаушылары) 
ІІ. «Қазақтың қара өлеңі - құдіретім» атты ән байқауы
ІІІ. «Поэзия, менімен егіз бе едің?» көркем сөз оқу 

ІҮ. «Мұқағали – ақиық ақын» атты эссе жазу

Y. «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық арнау жазу 

ІҮ. «Менің музам» атты сурет салу

Байқауға қатысушылардың арасынан оза шыққан талантты жастар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды (толығырақ әлеуметтік желі парақшамызда). Кеш соңы жүлделу орын алған жеңімпаздар жас ақындар арнауларын оқыса, 26-топ тыңдаушысы Еркін Ерсін ақын өлеңдеріне жазылған «Аякөз ару» әнін орындап жұрт Хантәңірі шыңына бір көтеріп қойғандай әсер берді.