Сапалы білім және жастардың болашағы.
Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдік студенттер қазақ және орыс тілдерін оқиды.
Факультетте Жапониядан,Қытайдан,Оңтүстік Кореядан, Филиппиннен, Түркиядан, Моңғолиядан және басқа елдерден келген шетелдік студенттер оқиды.Студенттер ҚазҰУ-дың әртүрлі факультеттерінде білім алуға ұмтылады. Бірақ аталған факультетте алдымен олар қазақ және орыс тілдерін үйренеді. Қазақ тілі Қазақстанда мемлекеттік тіл, ал орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі. Сапалы білім алу үшін шетелдік студенттер ауызекі тілді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар ғылыми сөйлеу мәнерінің дағдыларын игеруі керек. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру даярлығы кафедрасының оқытушылары қарқынды оқытудың, цифрландырудың, қашықтықтан оқытудың ең озық әдістемелерін пайдалана отырып, қазақ және орыс тілдерін оқыту бағдарламаларын әзірледі.