САМБО

21 ақпан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған, спорттық самбодан студент жастар (ұлдар, қыздар) арасындағы ашық чемпионаты 2024 жылы 16-17 ақпанда Университетінің спорт кешенінде өткізілді. Салмақ өлшеу жарыс ережесіне сәйкес, 16 қарашада сағ. 16.00-18.00 дейін, жеребе тарту мен төрешілер алқасының мәжілісі сағ. 18.30-19.00 дейін жүргізілді. Жарыс 17 ақпанда  сағ. 10.00 басталды.

Жарысты Алматы қаласының САМБО Федерациясы мен Спорт клубының күрес мамандығы бар оқытушы-жаттықтырушылары ұйымдастырып, өткізді. Жарыстар 2 кілемде 16 салмақ (8 салмақ – ұлдар, 8 салмақ – қыздар) дәрежелері бойынша жүргізілді. Жарысқа Алматы қаласының өңірлерінен 14 командадан 112 спортшылар қатысты.

Өте тартысты өткен бәсекеде мықтылар жеңді. Жарыс барысында жарақаттар болған жоқ. Төрешілер өз міндеттерін білікті, адал атқара білді. Командалық жүлделі орындар төмендегідей орналасты:

            1 орын  -  Қазақ спорт және туризм академиясы, А-5, К-3, Қ-7;

  2 орын - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А-3, К-9, Қ-18;

            3 орын – Нархоз университеті, А-3, Қ-1.

Барлық жүлдегер болған спортшылар медалдармен және дипломдармен марапатталды, ал жүлдегер командалар арнайы кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша Университет спортшылары алдағы уақыттарда спорттық самбодан қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын болады.

Басқа жаңалықтар