«Қазақстан және Орталық Азия: тарих, саясат, қоғам» атты халықаралық конференция

26 ақпан-3 сәуір

Құрметті әріптестер!

2024 жылдың 3 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Камал Низамұлы Бұрхановты еске алу (31.03.1954-21.01.2020ж.ж.) және оның 70-жасқа толу құрметіне арналған «Қазақстан және Орталық Азия: тарих, саясат, қоғам» атты халықаралық конференция өтеді.

Камал Низамұлы Бұрханов – танымал ғалым, белгілі тарихшы және саясаттанушы, В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетінің түлегі (1977), тарих ғылымдарының кандидаты (1988), саяси ғылымдарының докторы (1997), профессор, Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері. Камал Низамұлы өзінің еңбек жолында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің тарих факультеті, философия және саясаттану факультеттерінің деканы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетінің деканы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды. 2007–2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің IV и V шақырылымдағы депутаты болды.

Халықаралық конференция аясында профессор К.Н.Бурхановтың зерттеу тақырыбы мен ғылыми қызығушылықтарына жататын және бүгінде өзектілігін жоғалтпаған мәселелер төңірегінде талқылау мен пікірсайыстар күтіледі.

Конференция шеңберінде шетелдік және қазақстандық сарапшылармен Қазақстан мен Орталық Азиядағы заманауи қоғамдық-саяси үдерістерге ғылыми баға беріліп, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың тарихы және оның келешегі, геосаясат пен ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеулер ұсынылады.

Конференция ғалымдар арасындағы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге, жаңа зерттеу жобаларды, бірлескен ғылыми жарияланымдарды құруға және Орталық Азия зерттеулерін дамытуға ықпал етеді.

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, сарапшылар, мамандар және жас зерттеушілер шақырылады.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Отандық және дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері
  • Қазақстан мен Орталық Азиядағы әлеуметтік-саяси процестер
  • Жаһандық геосаяси өзгерістер жағдайындағы Қазақстан және Орталық Азия
  • Қазіргі жағдайдағы Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығының болашағы.

 

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Халықаралық конференцияға қатысу үшін 2024 жылдың 21 наурызына дейін өз өтінімдеріңізді келесі мекенжайға жіберу қажет:

е-mail: zhan.dsmk@gmail.com; aigul.abzhapparova@gmail.com

 Байланыс телефондары: +7 778 111 6379; +77081864165

 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

 

Т.А.Ә (толық) ________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ______________________________________________

Жұмыс орны, ұйымның толық атауы: ____________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Байланыс телефондары, факс: __________________________________________________

Е-mail.: _____________________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы _______________________________________________________

Түйінді сөздер _______________________________________________________________

Қысқаша аннотация (200 сөзге дейін)____________________________________________

 

 

Қатысу шарттары

Мақаланы жариялау үшін тезистер мынадай талаптарға сәйкес қатаң түрде рәсімделуі тиіс: баяндама мәтіні (көлемі 5 беттен аспайтын) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; бет форматы: А4; жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол жақ– 3 см, оң жақ – 1 см;  қарпі – Times New Roman, кеглі – 14; жоларалық интервалы – 1; Ортасында кіші әріптермен (қалың қаріппен) автордың(-лардың) Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, атағы, төменде жұмыс орны және автордың лауазымы. Автор мәліметтерінің астында – баяндама тақырыбы ортасы бойынша туралау негізінде БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРІППЕН) рәсімделеді.

 

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ғылыми кітапхана, Ақ зал (409), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби даңғылы, 71

Өтетін уақыты: 3 сәуір 2024 ж.

Ұйымдастырушылар: Тарих факультеті, Философия және саясаттану факультеті