Қиыр Шығыс кафедрасы қабырғасында SDGs 12 бойынша семинар өтті

26 ақпан, 2024

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D. А.Е.Ахаповтың жетекшілігімен 3 курс студенттерімен SDGs 12: тұтыну мен өндірістің тұрақты үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету тақырыбныда семинар өтті.

Тұрақты даму мақсаттары – БҰҰ Бас Ассамблеясы әзірлеген, әл-ауқатты жақсартуға және планетамызды қорғауға бағытталған өзара байланысты 17 мақсаттың жиынтығы.

12-мақсат: Тұрақты тұтыну және өндіріс үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету. Қазақстан жауапты тұтыну мен өндіріске қатысты бастаманы белсенді түрде қолдайды, сонымен қатар осы мақсатқа жетуге күш салуда.

Жапонтану бөлімінің 3 курс студенттері топтық жұмыс форматында қызықты презентациялар дайындап, Қазақстан мен Жапониядағы мақсатқа жету жолындағы ілгерілеу барысын егжей-тегжейлі қарастырды. Салыстырмалы талдау арқылы студенттер екі елді салыстырып, талқылау барысында осы процесті жылдамдатуға көмектесетін өз идеяларын ұсынды. Сонымен қатар сұрақ-жауап форматында жаңа ақпарат толықтырылып, өте тартымды өтті.