- Басты бет
- Инклюзивті орта
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз орта
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз орта
26 қаңтар, 2024
4.a Қолжетімді және қауіпсіз білім беру объектілерін құру және жақсарту |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ғимараттары мен кампус аумақтарын ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің қызығушылықтарын, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен шетелдік студенттердің қажеттіліктерін және гендерлік аспектілерді ескере отырып жасайды және жақсартады. Университет қауіпсіз сәулеттік ортаны және барлығы үшін әлеуметтік кедергілерсіз оқу ортасын қамтамасыз етуге ұмтылады. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге бейімделген индикаторлар кампус инфрақұрылымында берілген.