- Басты бет
- Жаңалықтар
- Идеядан шабытқа: «Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары» жаппай ашық онлайн курсын жасау кезеңдері
Идеядан шабытқа: «Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары» жаппай ашық онлайн курсын жасау кезеңдері
2024 жылғы 16 ақпанда өткен «Ғылым мен білім беруді ұйымдастырудың заманауи технологиялары» тақырыбындағы Халықаралық қысқы мектепте доцент міндетін атқарушы Василина Г.К. «Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары» жаппай ашық онлайн курсын (ЖАОК) жасау кезеңдері жайында баяндады. Авторлық ұжымның мүшелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценттері Д.Н. Акбаева мен Ж.Т. Ешова. Курс идеясын қалыптастыру, жобалау мен жоспарлау, контент жасау үдерістері, қиындықтарды еңсеру және онлайн курспен жұмыс нәтижесінде алынған сабақтар сияқты мәселелер жан-жақты қарастырылып, талқыланды.
Әзірленген ЖАОК курсы open.kaznu.kz сайтына жүктеліп, ішкі және сыртқы сараптамадан өтті. Курс «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «6B07102 – Химиялық инженерия» мамандықтарының студенттері үшін 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінің пәндері бойынша оқу үрдісіне біріктірілген. «Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен аппараттары» курсы химиялық технология үдерістерінің негізгі параметрлерін есептеудің жалпы тәсілдері мен амалдарына арналған. Бұл курс химия-технологиялық мамандықтардың студенттері мен тыңдаушылары өздерінің кәсіби қызметінде нақты технологиялық үдерістерге арналған талдауды, математикалық сипаттаманы және инженерлік есептерді өз бетінше игерулеріне, бекітулеріне және одан әрі жүргізулеріне бағытталған. Гидродинамикалық, жылу және масса алмасу үдерістері бойынша тақырыптарды қамтитын инженерлік пән бойынша оқу материалдарына қарапайым және жылдам қол жеткізу, сондай-ақ оқытудың еркін кестесі аталған курсты өндірістен қол үзбей химия-технологиялық бейіндегі студенттер мен инженерлер үшін бірегей және ыңғайлы етеді.