Өзбек елінде өткен семинар

16 қазан, 2023

Филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының профессоры Р.А.Авакованың  жетекшілігімен басталған АР19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» атты жоба бойынша 2023 жылы 12-16  қазан аралығында Ұлықбек атындағы Ташкент Ұлттық университетінде (Өзбекстан) семинар өтті.

Профессор Р.А. Авакованың ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи дүниедегі білім және лингвистика мәселелері» тақырыбындағы семинарға университеттің филология факультетінің өзбек тіл білімі кафедрасының профессор – оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері қатысты.  Семинарда тіл білімінің мәселелерімен бірге түркі тілдерінің фразеологизмдерін жинау, оларды баспадан шығару мәселелері де қарастырылды.