Халықаралық Түркология

20 қазан, 2023

2023 жылы 17-20 қазан аралығында Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен  Түркология ғылыми-зерттеу институты (Қазақстан Республикасы) ұйымдастырған Х «Халықаралық Түркология» конгресі болып өтті.

Конгреске  2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласындағы іргелі зерттеулер бағыты бойынша АР19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» атты жоба да қатысты. Жоба орындаушысы Ш. Т.Кудьярова  «Лексикографиялық жүйе: түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдер» тақырыбында қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр т.б. түркі тілдеріндегі «бас қатыру, бас қату» фразеологизмдерінің материалдарына анализ жасай отырып, презентация жасады.