Бинарлық ашық сабақ

26 ақпан, 2024

23.02.2024 жылы Менеджмент кафедрасының ағаоқытушысы Тасжарғанов С.И. Корпоративтібасқару пәні "Корпоративті басқару модельдері, жүйелері және механизмдері" тақырыбы бойыншаМенеджмент ОБ, 3 курс студенттеріне ашық сабақөткізді.

Ашық сабақ форматы ретінде бинарлық сабақтаңдалып, материалдарды оқытушы және 3 ассистент-студентпен бірлесіп, оқытушыныңбақылауымен дайындалған. Сабақта командалықтест және карточкалармен ойын, kahoot.it платформасында жеке тест, капитандар сайысыұйымдастырылды. 

Бинарлық сабақ өту әдісі студенттерге ұнаған, себебі сабаққа жіті дайындалу, жауапкершіліктісезіну, материалды дайындау, ойындар дайындауоларға да қызық деп бағаланған.

Оқытушы тарапынан сабақ нәтижесіндекомандалық ойындарда 1,2,3 орын Дипломдары, "Үздік капитан", ал 1-ші және 2-ші сабақта "Үздікқатысушы" номинацияларымен марапатталды. Бинарлық сабаққа ат салысқан 3 студентке "Алғысхат" табысталды. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Смагулова Г.С. (э.ғ.к.,профессор м.а.) және оқытушы Танкиева А.К.(э.ғ.к.,доцент) қатысты.