"Қарттарды құрмет тұту - жастардың басты міндеті "

26 ақпан, 2024

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90- жылдық мерейтойына  орай Заң факультетінің 210 және 101 - топ студенттері  бірлесе отырып "Қарттарды құрмет тұту - жастардың басты міндеті " деген қағиданы ұстана отырып,Алматы қаласындағы Алатау ауданының қарттар үйіне барып қайтты.  Бұл кездесудің басты мақсаты- үлкенге құрмет көрсету. Сонымен қатар, концерт қойып, жастар қарт кісілердің көңілін көтерді.