«Гендерлік теңдік»

26 ақпан, 2024

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы 2024  жылдың 26 ақпанында 317 аудиторияда сағат 11.00-де Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру  «Гендерлік теңдік»  тақырыбында  ғылыми семинар өткізді. Бұл шараның спикері з.ғ.к., доценті Омарова А.Б.

Еліміздің саяси өміріне барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету мемлекетте демократия мен еркіндіктің, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінде қазақстан үкіметі әйелдердің саясатқа араласуына, олардың жай ғана саясатпен айналысып қана қоймай, шешім қабылдау деңгейінде араласқанына мүдделі болып отыр. Өйткені бұл – уақыт талабы. Осыған орай мемлекет басшысы 2020 жылы саяси партиялар туралы заңға өзгерістер енгізіп, бұдан бұлай партиялар мәжіліс пен мәслихат депутаттарына кандидаттар тізімін жасақтаған кезде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттеген еді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2022 жылы 1 ақпандағы дерегіне сәйкес, ҚР Сенатында 9 әйел, Мәжілісте 28 әйел депутат болып қызмет атқарады. Әрине, бұл аса жаман көрсеткіш емес.Семинар қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, өз пікірлерін білдіруге және мүгедектердің құқығын қорғауға, талқылауға тамаша мүмкіндік болды. Іс-шара сонымен қатар  студенттер мен мұғалімдер арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға, қолайлы оқу және зерттеу ортасын құруға ықпал етті.