Батырлар ерлігіне жолу жасау

24 ақпан, 2024

ТДМ16  "Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттарды жүзеге асыру" мақсатында және  әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерей тойына орай,  19.02.2024 ж ҚазҰУ колледж білім алушыларына патриоттық тәрбие беру үшін «Ауған соғысына 35 жыл», "Батырлар ерлігіне жолу жасау" атты танымдық Ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Әскери кафедра оқытушылары, Ауған соғысы ардагерлері, запастағы полковник Хасен Қойшыгараевич Қожахметов және  запастағы подполковник Александр Николаевич Шашацкий қатысты.
Мақсаты: білім алушыларыға ерлікке, ұлтжандылыққа,  өз елінің патриоты болуға, ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Ауған соғысының ардагерлері бастан кешкен оқиғаларын баяндап, білім алушылар сұрақтар қойып, белсенділіктерін танытты. Білім алушылар ардагерлерімізден отансүйгіштік, патриоттық үлгі-өнеге алып, өз өнерлерін паш етті.