«Поэзия! Менімен егіз бе едің?»

24 ақпан, 2024

Университетіміздің 90-жылдығына орай өткізілген «Тілдер» апталығы  аясында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Кештің мақсаты: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру. Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп,жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту. Кеш «Поэзия әлемі» әдеби кафесінде өтті. Кафе қонақтары, ақын шығармашылығынан өзі қалаған өлеңге, әнге, күйге тапсырыс берді. Даяшылар қабылдаған тапсырыс бойынша, жүргізушілер нөмірді жариялап тұрды. Жоғары оқу орнына дейінгі кафедра, колледж, мектеп студенттері өз кезегімен шығып өнерлерін көрсете берді. Кеш соңында қонақ болған ұстаздар алғыстарын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

Шараны ұйымдастырушы: Идрисова Гүлжан Асанқызы.