Молекулярлық биология және генетика кафедрасының оқытушылары «Зерттеу университетінің дамуының заманауи трендтері» сараптамалық сессиясында сөз сөйледі

22 ақпан, 2024

2024 жылдың 21-22 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Зерттеу университетінің дамуының заманауи трендтері» атты сараптамалық стратегиялық сессиясы өтті.

Осы сараптамалық сессия шеңберінде білім беру саласындағы стратегияны әзірлеу міндеті қойылды, мұнда ғылыми білім зерттеу жоғары оқу орындарындағы білім беру процестерінің ілгерілеуіне ықпал ететін негізгі элемент болып табылады.

Ғылыми-әдістемелік іс-шара аясында панельдік сараптамалық сессиялар өткізілді:

  1. зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларын жобалау: мәселелері мен болашағы;
  2. білім берудің цифрлық трансформациясы;
  3. оқу мен оқытудың инновациялық технологиялары;
  4. инклюзивті білім беру;
  5. оқу мен оқытудың сапасы: оқытушының рөлін өзгерту.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары тыңдаушылар ретінде ғана емес, сонымен қатар баяндама спикерлері ретінде де белсенді қатысты.

«Зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларын жобалау: мәселелер мен мүмкіндіктер» 1 – ші панельдік сессиясында:

- PhD, аға оқытушы Суворова Мария Александровна «Ретроспективный анализ образовательных программ: Case-study в обучении магистрантов» баяндамасымен;

 б.ғ.к., аға оқытушы Дәулетбаева Сания Болатовна «Применение статистики и анализ данных, как важнейшая профессиональная компетенция» баяндамасымен таныстырды.

«Оқу мен оқытудың инновациялық технологиялары» 3 – ші панельдік сессиясында:

- б.ғ.д., профессор Айташева Зауре Гайнетдиновна "Programs of final examinations and student project plans drafted by using AI and referencing generators" баяндамасымен.

- б.ғ.к., доцент м.а. Ыргынбаева Шынар Мухаметжановна «Биология пәнін WORDWALL.NET ресурсын пайдаланып оқытудың тиімділігі» баяндамасымен.

- PhD, аға оқытушы Жусупова Айжан Избасаровна «Инновационные методы преподавания в области STEM в аспекте целей устойчивого развития» тақырыбында баяндама жасады.

«Оқу және оқыту сапасы: оқытушы рөлін трансформациялау» 5 – ші панельдік сессиясында:

- PhD, доцент м.а. Ловинская Анна Владимировна «Integration of MOOCs into the educational process: a teacher's view» баяндамасымен.

- PhD, аға оқытушы Жусупова Айжан Избасаровна «Междисциплинарный альянс: преподаватель в информационном пространстве» шеберлік сыныбымен.

- б.ғ.к., доцент Чунетова Жанар Жумабековна «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі оқытушының кәсібилігін жетілдіру тенденциялары» тақырыбында баяндама жасады.

Барлық спикерлердің баяндамаларымен «Professional week» сілтемесі бойынша танысуға болады.