ҚазҰУ – жоғары оқу орындарының флагманы

28 ақпан, 2024

Құрметті ұстаздар!

ҚазҰУ студенттері мен магистранттары!

Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетін 40 жыл бұрын бітір­дік. Биыл қара шаңырақ оқу орнының ашыл­ға­нына 90 жыл толды. Бұл бір ғасырға жуық уақыт. Осы мерзімде елі­мізге білікті де білімді кадрлар дайын­дау­да ҚазҰУ-дың орны да, жөні де бөлек. Түрлі салада еңбек еткен, бүгінгі күні бел шешіп, білек сыбанып еңбек етіп келе жатқан университет тү­лек­терінің, таны­мал тұлғалардың қата­ры қалың. Ұлттық университет – еліміз­де­гі жоғары оқу орын­дарының флаг­маны. Жетістігі мен табысына қуа­намыз. Жас ұрпақ аса білімді, пара­сат­ты, тәрбиелі болса деген тілегіміз зор.

Біз Қазақ ұлттық университетін «Ме­нің университетім» деп мақтан тұтамыз. Білім ордасының заман көшінен қал­май, үнемі алдыңғы лекте болуына тілек­шіміз.

Мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!

Құрметпен

Нұртөре ЖҮСІП,

сенатор, Сенаттың

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы