ЦУР 3; Қарты бар үйдің - қазынасы бар

26 ақпан, 2024

26.02.24 ж. «Еріктілер лигасы»  "Қазына"  жобасы аясында «Avesta» қарттар үйіне барды. Аталмыш мекеме 10 жылдай уақыт бойы қарттарға қызмет етуде, қазіргі таңда қарттар үйінде 14- тен астам ата-әжелеріміз тұрады. Еріктілер оларға өздерінің бағдарламаларымен барған. Қарттармен ән шырқап, гитарамен ән айтып, неше түрлі ойындармен көңілдерін көтерді. Қарияларға тәтті сыйлықтар тарту етіп, олармен бір дастарханда шай ішіп, жасы үлкендеріміздің әңгімелерін тыңдады. Қарттарымыз кетер алдында еріктілерге өз баталарын беріп, жылы лебізбен шығарып салды.