"Вирустық гепатит түрлері және олардың алдын алу шаралары" тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді

27 ақпан, 2024

27.02.2024 жылы Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасында  ТДМ 3. Салауатты өмір салты және әл-ауқат шеңберінде "Вирустық гепатит түрлері және олардың алдын алу шаралары" тақырыбында пікірталас алаңы өткізілді. Шараның мақсаты – жастар арасында гепатиттің алдын алу туралы ақпараттандыруды арттыру және салауатты өмір салтына деген құштарлықты ынталандыру. Шара аясында «Вирусты гепатит және оның алдын алу шаралары» тақырыбында студенттер дайындаған презентациялар мен баяндамалар тыңдалды. Баяндамалар барысында бүгінгі күні Қазақстандағы гепатиттің таралуы бойынша статистикалық мәліметтер келтірілді, гепатитпен күресуде республиканың қолданыстағы заңнамасында көзделген шаралар белсенді түрде талқыланды. Халықты В гепатитіне қарсы иммунизациялау, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша халықты А гепатитіне қарсы тегін иммунизациялау, вирусты гепатиттің диагностикасы бойынша халыққа тегін медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қорыта айтқанда студенттер жұқпалы гепатитке қарсы профилактикалық шараларды жүзеге асырудың әртүрлі әдістері мен инфекцияның алдын алу жолдарымен танысты.

Ұйымдастырушылар: эдвайзер-кураторлар: б.ғ.к. доцент С.Ш. Асрандина, б.ғ.д., профессор С.Д. Атабаева және «5В05103 - Биотехнология» ББ, 3 және 4 курс студенттері. Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 412 ауд, өткізу уақыты: 16.00 сағ.