2024 жылғы 26 ақпанда 5-ТДМ «Гендерлік теңдік» аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Б.Б. Баязитов «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерімен «Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу аясында Бақытқожа Байғожайұлы, гендерлік теңдік мәселелерін талқылап, қыздар мен әйелдердің білім алу, олардың қазіргі әлемде шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктеріне назар аударды. Дөңгелек үстел барысында студенттер «гендерлік стеореотиптер», «гендерлік құқық», «гендерлік сана» сияқты ұғымдарды талқылады. Қазақстан мен шетелде әйелдердің рөлі мен орнына салыстырмалы талдау жүргізілді.
Басқа жаңалықтар
25 желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, 2024
24 желтоқсан, 2024