28.02.2024 жылы “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының оқытушысы PhD доктор Қонысбай Бақыткүл Менленқызы Заң факультетінің 4 курс 403 тобының студенттерімен ТДМ 1 мақсаты “Қайырымдылық-береке кілті ” тақырыбында қайырымдылық шарасын өткізді. Қайырымдылық жасау – халықтың бірлігін күшейтеді, берекесін арттырады. Үлкендердің жақсылық жасап жарысқанын көрген жастар мейірімді болып өседі, қиянатқа, жаманатқа бармайды.
Қайырымдылық жасау – әр адамның өз қалауы. Айналасына ізгілік нұрын сепкісі келгендердің әрекеті қандай да бір құқықтық құжатпен шектелмейді. Ал көпшілік бірігіп жасаған қайырымдылық шаралары арнайы заңмен реттелетінін ұмытпауымыз керек. Өйткені, халықтың ұйымдасып, топтасуымен құрылған қайырымдылық қорларының, шараларының барлығының жұмысы барынша ашық болып, қаржылық түсімдердің қозғалысы бойынша нақты ақпараттың көпшілікке берілуі аса маңызды.