Бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар

1 наурыз, 2024

2024 жылдың 01 наурыздың N16 “Бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар” ТДМ шеңберінде «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық » кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д. А. 306,301-топ студенттерімен бірге қарттарға қамқорлық көрсету орталығына барды. Студенттер қарттарды алғыс айту күнімен құттықтады. Тағдырдың талқысына түскен қарттарға мейірімділік танытып, қамқорлық көрсетуге талпынған студенттер аталған мекемедегі қарттардың көңілін, халдерін сұрап, жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесіп, апарған арнайы азық-түлік өнімдерін, яғни қайырымдылық көмегін тапсырып қайтты.