Орталық Азиядағы әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өзара әрекеттесуі

1 наурыз, 2024

«Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Нурманова Бикен Зейнулловна 2024 жылғы 22-23 ақпанда Назарбаев Университетінің (Астана қ.) кәсіпкерлікті зерттеу орталығы ұйымдастырған «Орталық Азиядағы әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өзара әрекеттесуі» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Конференция жұмысына Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ Грузия, Әзірбайжан, Қытай өкілдері қатысты (ТДМ 17: тұрақты даму үшін серіктестік). Қатысушылар кәсіпкерлік білім беруді дамыту, әйелдердің кәсіпкерліктегі рөлі (ТДМ 5: гендерлік теңдік), тұрақты және инклюзивті кәсіпкерлік және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады (ТДМ 10: теңсіздікті қысқарту).