Түркістанда ҚазҰУ-дың үздік 32 оқытушысы марапатталды
Алғыс айту күнінде Түркістанда «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» және «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар мен оқытушылар, білім беру мекемелерінің басшылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық жеңімпаздарды марапаттай отырып, оқытушылар мен ғалымдардың білім және отандық ғылым саласын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.
«Көктемнің алғашқы күні әрі Алғыс айту мерекесінде Қазақстанның білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айту мақсатында сіздерді қасиетті Түркістан қаласына жинадық. Біздің ғалымдар күн сайын отандық ғылымның игілігі үшін жұмыс істеп, жобалар әзірлейді және тамаша нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш. Біздің мақсатымыз – халықтың ғылымға, ғалымдарға және жалпы жоғары білім жүйесіне деген сенімін қалпына келтіру. Осы жолда кішкентай болса да, бірақ сенімді қадамдармен жүріп келеміз. Мәселен, 1-2 айдың ішінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы күшіне енеді. Сондай-ақ сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы, үлкен ғылыми көрме өтеді. Біз сіздермен мақтанамыз, сондықтан еңбектеріңізді насихаттау жолындағы ортақ жұмысымыз қарқынды түрде жалғасады», – деді министр.
Байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 768 оқытушы қатысты. Солардың ішінен 150 оқытушы жеңіске жетті. Олар әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алды.
2023 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының
жеңімпаздар тізімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
№ |
Ф.А.Т. |
Факультет |
1 |
Тауанов Жандос Төреғұлұлы |
химия және химиялық технология |
2 |
Мальчик Фёдор Игоревич |
химия және химиялық технология |
3 |
Бауенова Меруерт Өмірбайқызы |
биология және биотехнология |
4 |
Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы |
физика-техникалық |
5 |
Көшім Әсима Ғалымжанқызы |
география және табиғатты пайдалану |
6 |
Тоштай Қайнаубек |
химия және химиялық технология |
7 |
Өтегенов Алмасбек Ұлықбекұлы |
физика-техникалық |
8 |
Сағидолда Ерұлан |
физика-техникалық |
9 |
Үсейінова Қарлығаш Рахымжанқызы |
заң |
10 |
Алибаева Қарлығаш Абылхаққызы |
механика-математика |
11 |
Шадкам Зубайда |
шығыстану |
12 |
Төлепбердинова Гүлнұр Алпысқызы |
ақпараттық технологиялар |
13 |
Мамырова Әсем Тілеужанқызы |
биология және биотехнология |
14 |
Құрманәлиева Айнұр Дүрбелеңқызы |
философия және саясаттану |
15 |
Дүйсебаева Мөлдір Әкімжанқызы |
химия және химиялық технология |
16 |
Рахымбай Гүлмира Сапарқызы |
химия және химиялық технология |
17 |
Құранбек Әсет Абайұлы |
философия және саясаттану |
18 |
Қалдыбеков Дәулет Болатұлы |
химия және химиялық технология |
19 |
Негізбаева Марлан Оңласынқызы |
журналистика |
20 |
Бекетаева Әсел Оразалықызы |
механика-математика |
21 |
Қондыбаева Салтанат Қанапияқызы |
Жоғары экономика және бизнес мектебі |
22 |
Максимов Валерий Юрьевич |
физика-техникалық |
23 |
Құдайбергенов Нұрболат Жарылқасынұлы |
химия және химиялық технология |
24 |
Қалымбек Бақытжан |
заң |
25 |
Сатыбалдиев Бағдат Серікұлы |
химия және химиялық технология |
26 |
Плохих Роман Вячеславович |
география және табиғатты пайдалану |
27 |
Есқалиева Балақыз Қымызғалиқызы |
химия және химиялық технология |
28 |
Мағауова Акмарал Сабитоллақызы |
философия және саясаттану |
29 |
Сәдуақасова Зухра Маратқызы |
философия және саясаттану |
30 |
Товма Наталия Александровна |
Жоғары экономика және бизнес мектебі |
31 |
Жүнісбаева Жазира Қабылқызы |
биология және биотехнология |
32 |
Болатбек Милана Асланбекқызы |
ақпараттық технологиялар |
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі