Дәріс: «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»

2 наурыз, 2024

23-ақпан 2024 ж. сағат 11.30-да  Фараби кітапханасының 303-залында Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, Республикалық деңгейде Ұлттық салауатты тамақтану орталығының премиум-мүшесі, ҚДСЖМ «Нутрициология» Комитетінің мүшесі, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Қайнарбаева М.С. «Денсаулықты нығайтуда, аурудың туындауында тамақтанудың және биологиялық белсенді заттардың ролі» атты және Ұлттық салауатты тамақтану орталығының премиум-мүшесі, ҚДСЖМ «Нутрициология» Комитетінің мүшесі, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті «Нутрициология» кафедрасының доценті, м.ғ.к. Чуенбекова А.Б. «Салауатты тамақтану негіздері» атты дәріс оқыды. Дәріс барысында  студенттер қызығушылық танытып, сұрақтар қойды: 1. Қазіргі таңда танымал болып жатқан ағза көтере алмайтын тағамдарға толық тест өту керек па, әлде лактоза, кофе секілді жеке өнімдерге ғана жасау жеткілікті ме? 2. Адамдардың ұлттық, географиялық факторларға байланысты ағзаның саңырауқұлақ т.б. секілді өнімдерге реакциясы өзгереді ма? 3. Жапонияда күніне 2 рет ас ішеді , ал кейбір елдерде 5 рет ішу норма , қайсысы дұрыс ? 4. Әр түрлі ісіктердің алдын алу үшін, қандай азықтарды тұтынған дұрыс? 5. Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларының алдын алуда қандай азықтарды тұтынған дұрыс? Дәріскерлер барлық сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар дәрісті Zoom арқылы медициналық университеттердің ұстаздары мен студенттері де қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Дұрыс тамақтану бойынша өткізілген дәріс өте ауқымды, толық, ақпаратты болды. Дәріскерлерге алғысымыз шексіз.