2024 жылдың 1-наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті «азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының 2-ші курс магистранттары оқу жылының академиялық жоспарына және келісім шартқа сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін «Тұран» университеті жанынан құрылған құқық ғылыми-зерттеу институтында болып қайтты.

4 наурыз, 2024

Аталған тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ 2-курс магистранттарын «Тұран» университетінің жанындағы Құқық ҒЗИ директоры, з.ғ.д., профессор Акимжанов Талғат Курмановичпен таныстыру үшін кафедраның аға оқытушысы PhD доктор Н.Д. Мырзатаев барды.

2 курс магистранттарын ғылыми зерттеу институты директоры Т.К.Акимжановпен бірге Тұран университетінің «құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Н.А. Алдабергеновна қарсы алып, алдағы жоспармен, сонымен қатар ғылыми орталықтың қызметімен жан-жақты таныстырды.

«Азаматтық құқық, азаматық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасы меңгерушісінің ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, PhD доктор Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы қатысуымен өткен шарада магистранттардың алдағы ғылыми тағлымдамадан өту  барысындағы іс-шаралар жоспары пысықталып, бірқатар тапсырмалар беріліп, екі тараптан да ұйымдастырушылық іс шаралар қосымша қарастырылды.