Карьера құру дәрісі

5 наурыз, 2024

28 ақпан 2024 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, “Менеджмент” кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай қонақ дәрісін өткізді. Қонақ дәрісіні HR эксперт, HR Management мектебінің директоры, Халықаралық деңгейдегі кәсіби коуч (ICF), ҚР HR менеджерлер Ассоциациясының мүшесі Ыбытаева Жұлдызоткізді. Дәріс тақырыбы: «Карьера құру лайфхактары».  Дәріс барысында студенттер: карьера құрудағы лайфхактармен кеңестер; резюмені дұрыс толтыру; ⁠тәжірибе болмаса резюмеге не жазуға болады; сұхбаттасуға (собеседование) қалай дайындалған дұрыс; сұхбаттасуда көп қойылатын сұрақ; сұхбаттасуға дейінгі қорқынышты жеңу бойынша ақпарат алып, сұрақтарына жауаптар алды. Ең үздік сұрақ иесі 3 курс “Менеджмент” мамандығының студенті Жалгасбаева Д.Т  сыйлыққа кітаппен марапатталды.

Қонақ дәрісіне: “Менеджмент” кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Смагулова Г.С., ЭжБЖМ аға кураторы, “Экономика” кафедрасының аға оқытушы Кулиев И.О., “Менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы АскеровА.А., оқытушы Жайназар Ә.Ж., оқытушы, аға куратор Ғалымқызы Г. және “Менеджмент”, “Мемлекеттік және жергілікті” басқару мамандығының 1,3 курс студенттері қатысты.