Шымкент қаласының Д.Қонаев атындағы мектеп оқушылары музейде қонақта

29 ақпан, 2024

Д.Қонаев атындағы мектеп ұжымы арнайы 11-шы сынып оқушыларына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кампусын аралап, білім ордасының тыныс тіршілігімен танысуға алып келген еді. Оқушылар кампус тур аясында музейге келіп университеттің тарихымен, факультеттердің құрылымымен, ғылыми мектептерімен танысып шықты. Музей экскурсиялары оқушыларға қатты ұнады, алдағы уақытта мектеп қабырғасынан соң өздерінің қалаған мамандықтарын осы бірегей университеттен табатындарына сенімді болып кетті