ТДМ 11. «Жасыл экономика» тақырыбында өткен тәрбие сағаты

23 ақпан, 2024

23.02.2024 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде  өткізілген «Жасыл экономика» атты ашық тәрбие сағаты  өтті. Ашық тәрбие сағатына  жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары, магистрантттар және «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының 2 курс  (СжС-255) студенттері   қатысты.

Айтылған іс-шараны жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының магистранттары - Муса А. Қ., Қуандық А.Т. ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта «жасылдандыру» жаһандық деңгейде өзекті мәселеге айналуда. Негізгі тенденциялардың бірі – күн, жел және су энергетикасы сияқты баламалы энергия көздерін дамыту - шығарындыларды және көмірсутекті отынға тәуелділікті азайтады.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді  «жасыл экономикаға»  баулу және еліміздің экологиялық проблемаларын жасылдандыру көздері арқылы шешу жолдарын қарастыру

Жасыл экономикаға көшу – ТМД-да белсенді жетістікке қол жеткізудің, Қазақстанның  экономикалық және экологиялық тұрақтылықты, әділетті және гүлденген экономиканы қамтамасыз етудің негізгі жолы. Осы мақсатта студенттерге еліміздің экологиялық проблемаларын жасылдандыру көздері арқылы шешу жолдарын қарастырылды. Ашық сабақ барысында жасыл экономика және экология тақырыбында негізгі ақпараттар берілді. Терминологиялық және интелектуалды әртүрлі интерактивті ойындар ойналып алынған білім бекітілді. Практикалық байланыс ретінде қоқыстарды сұрыптау бойынша топқа бөлініп ойын ойнау арқылы жасыл экологиялық мінез-құлық қалыптастырылды.

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының куратор -эдвайзері Зульбухарова Э.М.