
III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған
4-12 сәуір 2024 жыл
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай халықаралық ұйымдармен, жетекші ғылыми орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп 2024 жылдың сәуір айының 4-12 аралығында III Халықаралық Фараби Форум өткізеді.
III Халықаралық Фараби Форум аясында ғылыми халықаралық ауқымды шаралар қоғам, мемлекет және тұлғаны дамыту жаһандық мәселелерін шешуде шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.
«Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы» атты Халықаралық Фараби Форумы
4 -5 сәуір 2024 ж.
Форум жұмыстарының бағыттары:
- Әл-Фараби мұрасы және фарабитанудың өзекті мәселелері;
- «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі»;
- Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам;
- Әл-Фараби және қазақ өркениеті;
- Әл-Фарабидің жаратылыстанулық мұрасы.
Форум аясында келесі пікірталас алаңдары мен байқаулар жұмыс істейді:
I «Әбу Насыр Әл-Фарабидің мұрасы және әлемдегі психологиялық ғылымның дамуы» пікірталас алаңы;
II «Әл-Фарабидің тәрбие тілі: мәдениетаралық қарым-қатынас және ұлттық болмыс контектсіндегі тұлға» пікірталас алаңы;
III «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс: білім беру мен зерттеулердегі жаңа көзқарас» пікірталас алаңы;
IV «Қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселелері: алдын алу мен шешу жолдары» пікірталас алаңы;
V «Қазіргі қазақ философиясындағы прагматизм және руханият» пікірталас алаңы;
VI «Бақыт туралы философиялық дискурс» пікірталас алаңы;
VIII «Қазақ тіліндегі философиялық терминологияның қалыптасуы» пікірталас алаңы;
IX «Тәуелсіз Қазақстанда саясаттану ғылымының қалыптасуы мен дамуы» пікірталас алаңы;
X «Өмірмәнділік ой толғамдар» эссе конкурсы;
XI «Қазақ философиясының өзектілігі» бейнероликтер байқауы;
XII Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униыерситетінің 90 жылдығына орай және Кіші Фараби академиясының 30 жыл тоуына орай «Рухани әңгіме» алаңы.
Өткізілетін орны: әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат, №416 конференц-залы.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Философия және саясаттану факультеті. Жауапты: Өсербаев Е.Н., Балтымова М.Р.,
тел. 8 (727) 377-33-33 (1759), 8 (727) 377-33-33 (1747), e-mail. farabiforum2024@gmail.com
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың
халықаралық ғылыми конференциясы
4-6 сәуір 2024 ж.
Ұйымдастырушы: Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. тел. 8 (727) 221-11-62.
2024 жылдың 12-ші сәуірі күні ІII Халықаралық Фараби Форумның салтанатты жабылуы рәсімінің аясында студенттер мен жас ғалымдарды түрлі номинациялар бойынша марапаттау, студенттік бизнес инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы, және «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» атты байқау бойынша марапаттау өтеді.
III Халықаралық Фараби Форум аясында өткізілетін іс-шараларлар жайлы толық ақпаратты ұйымдастырушы-факультеттердің ақпараттық хаттарынан алуға болады.
Халықаралық Фараби Форумды ұйымдастырушылардың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент.
Жауапты:Абдреш А.Ғ.,тел.8(727)377-33-33(11-62),email.Abdresh.Akziya@kaznu.kz
Өткізілетін орны:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттері, жабылу салтанатты әл-Фараби ғылыми кітапханасы 4-этаж, №416 конференц-залында өтеді.
Дөңгелек үстел «Қалдықтарды басқару және "жасыл" технологиялар»
5 сәуір 2024 ж.
Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі бағыттар бойынша диалог пен талқылауды қарастырады:
- "Жасыл" энергетиканың экологиялық мәселелері;
- Жылу энергетикасындағы қалдықтар және оларды қайта өңдеу технологиялары;
- Қалдықтарды тұрақты басқаруды дамыту перспективалары.
Өткізілетін орны:. Физика-техникалық факультеті.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультеті, Жауапты: Болегенова С.А., тел: +7 701 386 9755.e-mail. Saltanat.Bolegenova@kaznu.edu.kz
«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: қиындықтар, салдарлар, мүмкіндіктер»
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция
8-9 сәуір 2024 ж.
Конференция жұмыстарының бағыттары:
- Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар: азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыру және Жаңа Қазақстанның инклюзивті дамуы;
- Қаржы, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік аудит қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер жағдайында тұрақты экономикалық дамудың негізгі константалары ретінде;
- Менеджмент-менеджментті дамытудың жаңа парадигмасы: сын-қатерлер, қауіптер, шешу жолдары;
- Тұрақты даму контекстіндегі бизнес-технологияларды трансформациялау: мүмкіндіктері мен болашағы.
Өткізілетін орны: Әл-Фараби ғылыми кітапханасы №416, Экономика және бизнес жоғары мектебі.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі.Жауапты:Аметова Ж.,тел.8(701)252-50-18. e-mail. ametova@kaznu.kz
«Интеграцияның халықаралық тәжірибесі және оны Орталық Азия үшін пайдалану мүмкіндіктері»
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
9 сәуір 2024 ж.
Конференция жұмыстарының бағыттары:
- Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы: үрдістер мен перспективалар;
- ОА үшін қолдануға болатын тәжірибені анықтау мақсатында әлемнің әртүрлі аймақтарындағы интеграциялық процестерді талдау;
- Орталық Азиядағы интеграциялық процестердің геосаяси және геоэкономикалық факторлары.
Өткізілетін орны: Халықаралық қатынастар факультеті, 226 конференц-залы.
Ұйымдастырушы:Халықаралық қатынастар факультеті, Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институты. Жауапты: Байзакова К.И., тел: +7 (701) 710-63-37, email: kbaizakova@mail.ru
«VІІ Халықаралық журналистика форумы»
10 сәуір 2024 ж.
- Журналистикадағы жасанды интеллект: көмекші, әлде бәсекелес?
- Жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктері және практикасы;
- Нейрожелілер және журналистика: таяу болашағы, қатерлер мен болжамдар;
- Дезинформациямен күрес: жасанды интеллектінің журналистикадағы рөлі;
- Жасанды интеллект дәуіріндегі этикалық барометр.
Өткізілетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат.
Ұйымдастырушы:Журналистика факультеті, Жауапты:Сұлтанбаева Г.С., тел. 377 33 34 (14-92) e-mail. Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.edu.kz
Дөңгелек үстел «Қазақ мемлекеттілігінің қайнар бастаулары: Жошы ұлысына 800 жыл»
11 сәуір 2024 ж.
Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі бағыттар бойынша диалог пен талқылауды қарастырады:
- Жошы ұлысы кезінде қалыптасқан Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Моғолстан мемлекеттерінің қазақ мемлекеттілігі тарихында алатын орнына баға беру;
- Жошы ұлысының этносаяси, этногенетикалық тұрғыдан зерттелуінің маңызын қарастыру, Ұлыс тұрғындарының қазақ халқының қалыптасуына қосқан үлесі;
- Ұлыс мәдениеті кейінгі Қазақ хандығының әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына қалай әсер еткенін ғылыми-сараптамалық тұрғыдан пайымдау.
Өткізілетін орны:Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, № 405 зал.
Ұйымдастырушы:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті,Жауапты:Арынов Ж.,тел.+77479376676,e-mail. arynov2050@gmail.com
Басқа жаңалықтар

