Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына экскурсия

2 наурыз, 2024

ТДМ-3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытын негізге ала отырып,  21.02.2024 жылы ПК-301 тобының кураторы Кенжебаева Э.Б. топ білім алушыларымен Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына экскурсия жасады. Мұражай Алматы қаласында 160 жыл тарихы бар ескі ғимараттардың бірінде орналасқан. XIX ғасырдың ортасында салынған ғимарат: полковник Сапожников жесірінің үйі, кейін бағбан Татариновтың үйі, санитарлық-эпидемилогиялық станция және ақырында Спорт пен олимпиада даңқының республикалық мұражайы болды. Мұражай ғимараты XIX ғасырдың сәулет ескерткіші болып, мемлекет қорғауына алынған. Мұражайға саяхаттаудағы басты мақсат-Қазақстанның ұлы спортшыларының жеке заттары және жүлделерімен танысу болды. Білім алушылар мұражайда Әлемнің мықты боксері Серік Қонақбаевтың күрес қолғабы және белбеуін, XXII ғасырдың Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың борцовкалары мен трикосын, дүниежүзіне аты әйгілі, Олимпиаданың күміс медалін алған Қазақстанның алқашқы жеңіл атлеті Ғұсман Қосановтың көйлегін, Олипиада ойындарының, әлем, Азия мен Азия ойындарының бокс спорт түрінен чемпионы Василий Жировтың алтын медальдері мен кубоктары, В.Жиров Атлантадағы (АҚШ) Олимиада ойындарында жеңіп алған және олимпиада маусымының үздік боксеріне берілетін Баркер Кубогымен танысты. Мұражайда Ұлттық спорт түрлері залы да ерекше көз тартады. Балаларымызға бәйге, қазақша күрес, тоғыз құмалақ және т.б. спорт түрлерінің тарихы мен сайыстары жайында да түсіндірілді.