05.03.2024ж. ПК-301 тобының кураторы Кенжебаева Э.Б. топ білім алушыларымен ТДМ-5 «Гендерлік теңдік» бағытын негізге ала отырып, «Қазақ қызының құқығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыту және де қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру болып табылды. Тәрбие сағатында "Қыз елдің -көркі" газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер қолданылды. Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын, жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше атап көрсетті.