Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 1 курс докторанттары Қазақстан Республикасы  ІІМ-нің М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған «Жаңа ғаламдық ақиқаттағы Қазақстанның құқық қорғау жүйесі: ахуал, реформа, даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. 

10 наурыз, 2024

 5 наурыз 2024 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының 1 курс докторанттары Қазақстан Республикасы 
ІІМ-нің М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырған «Жаңа ғаламдық ақиқаттағы Қазақстанның құқық қорғау жүйесі: ахуал, реформа, даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. 


Конференцияны өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесінің теориялық және қолданбалы мәселелерін, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл негіздерін талқылау, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болды.