ҚазҰУ ғалымы Болатхан Заядан Лос-Анджелес (Калифорния, АҚШ) қаласында өткен «БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ - GEM-2024» конференциясында баяндама жасады.

5 наурыз, 2024

Болашақ энергия көзін алу мәселесі 2024 жылдың 04-06 наурыз күндері Лос-Анджелес қаласында (Калифорния, АҚШ) «GEM -2024 (Global Energy Meet)» халықаралық 8 - конференциясында талқыланды. Энергия - бүгінгі адамзат баласының болашағы. Қазіргі мұнай, газ және көмір секілді энергия көздерінің азаюы және олардың экологиялық зиянының шексіз екені баршаға мәлім. Сондықтан сарқылмайтын экологиялық маңызды энергия көздерін іздестіру әлем ғалымдарының назарын аударуда.

«GEM -2024» конференциясы барысында әлемнің әр елінен келген ғалымдар өзі баяндамаларын ортаға салды. Көпдеген ғалымлар сутегі энергиясы, күн энергиясы мен биоотындар алу, сақтау пайдалану жолдарына тоқталды. Биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Болатхан Қазыханұлының  "Сутегі энергиясын цианобактериялар негізінде алу биотехнологиясы" тақырыбындағы баяндамасы әлем ғалымдары көңіл бөліп, көп сұрақтар қойып, талқыға салуы зерттеу бағытының маңыздылығын көрсетеді.

Әлемдік танымал ғалымдармен жиі араласу Қазақстан ғылымын дамытудағы маңызды рөлі атқарады. Осы орайда, Президентіміздің тапсырмасымен ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі белгілі бағдарламалар мен жобалар аясында үлкен жұмыстар ұйымдастырып отырғаны қуанарлық жағдай. Ғылым жаңа әлемдік денгейдегі инновациялық жобалармен жаңарғанда ғана өркендеуге бет алуы заңдылық. Қазақ ғылымы тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік ғылыми орталықтар мен белгілі шетелдік ғалымдармен тығыз байланысты дамыту арқылы Халықаралық Scopus, Web of science базасына кіретін ғылыми журналдарға публикациялар жариялаумен қатар инновациялық жобаларды молайтуға қолайлы жағдай тудырады.

Болатхан Қазыханұлы «GEM-2024» аясында әлем ғалымдары альтернативті энергия көздерін алуға байланысты жаңа идеялармен сусындаумен қатар, Лос-Анджелес қаласында орналасқан Cal State LA Hydrogen Research Facility орталығының ғылыми жұмыстарымен танысты.

Одан әрі Б.Заядан Сан-Франциско Берклиде орналасқан Калифорния университетінің микробиология және өсімдіктер лабораториясының профессорларымен кездесіп, болашақта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасы арасында жаңа ғылыми инновациялық бағыттарды өркендету және бірігіп PhD студенттер мен магистранттарды дайындауға келіс сөздер жүргізіледі.