Еуразия кеңістігіндегі этнология мен антропологияның өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар

11 наурыз, 2024

Құрметті әріптестер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті 2024 жылы 30 наурызында университетің 90-жылдық мерейтойы аясында және Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Қалыш Аманжол Боранбайұлының 70 жас толуына орай арналған «Еуразия кеңістігіндегі этнология мен антропологияның өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.

Конференцияның мақсаты – қазақтардың және Қазақстан мен Еуразияның басқа да этностарының тарихпен байланысты дәстүрлі және заманауи этнологиясы мен антропологиясының өзекті және іргелі мәселелерін, А.Б. Қалыштың отандық этнология мен тарихи өлкетанудың дамуына қосқан үлесін талқылау.

Конференция тақырыптары:

  1. Этникалық тарихтың, этномәдени және этнодемографиялық үдерістердің өзекті мәселелері.
  2. Отбасы, неке және ажырасу антропологиясы.
  3. Этностың тіршілікқамы жүйесі: өткені мен бүгіні.
  4. Диаспора мен этникалық репатриацияның маңызды аспектілері.
  5. Этноархеология, тарихи өлкетану және музеология.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ және басқа түркі тілдері, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияға отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Қатысу түрі: офлайн және онлайн (Zoоm қосылымымен)

Онлайн Zoom конференциясына қатысу үшін:

https://us02web.zoom.us/j/84964891271?pwd=YlMrUzBhT1M0WkJGMkdQaXpsOWl5UT09

Конференция идентификаторлары: 849 6489 1271

Код: 377437