Сыйынар ем, ана деген тәңірге

6 наурыз, 2024

6 наурыз күні Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған “Сыйынар ем, ана деген тәңірге” атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараны Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға-оқытушысы, PhD Чилдибаева А.Ж.; қауымдастырылған профессоры, к.б.н. Ахтаева Н.З.; геоботаника мамандығының 1-курс докторанттары Тұрғара Ж.Д., Салмуханбетова Ж.Қ. басқаруымен биология мамандығының 2 курс бакалавриат студенттері өткізді. Мерекелік іс-шара ардақты аналарымызға және отбасы мен ғылымдағы ізденістерін қатар алып жүретін әйел ғалымдарға арналды. Студенттер тарих бетінде алтын әріптермен жазылған ұлы әйел тұлғалар жөніндегі презентациялар дайындап, баяндама жасап, сонымен қатар өз өнерлерін көрсетті. Аталған іс-шараны кафедра мұғалімдері және студенттер тамашалады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz