- Басты бет
- Мұражай
- 2024 ж. 11 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты жылжымалы көрмесі өз жұмысын аяқтады
2024 ж. 11 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Музейінде университеттің 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты жылжымалы көрмесі өз жұмысын аяқтады
Салтанатты жабылу рәсіміне «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры А.Қ.Жандосов мырза бастаған музей қызметкерлері, тарих факультетінің деканы Д.С.Байқұнаков, факультет студенттері және университет музейінің мамандары қатысты. А.Қ.Жандосов мырза ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректоры Ж.Қ.Түймебаев мырзаны университеттің 90 –жылдық мерейтойымен құттықтап, оқу орнына биік белестер мен табыстар тіледі. Музей аясында жылжымалы көрмені ұйымдастыруға ат салғаны үшін музей жетекшісі А.Ж.Жабықпаева және ұжымы «Алғыс хатпен» марапатталды. Отырар музейіне ҚазҰУ ректорының Алғыс хаты табысталды
Бір ай бойы көрерменнің көзайымына айналған археологиялық жәдігерлерді әлемнің әр тарапынан келген университет қонақтары мен ҚазҰУ-дың зияткер, білім мен өркениетке құштар жастары тамашалап, ризалықтарын білдірді
Ортағасырдағы Ұлы Жібек Жолының бойындағы орналасқан тарихы терең көне қалалардың бірегейі Отырар топырағынан табылған құнды археологиялық жәдігерлерді көзбен көріп, ұлтымыздың рухани мәдениетімен танысуға мүмкіндік бергені үшін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры А.Қ.Жандосов мырза мен музей ұжымына алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да осындай тағлымды көрмелерді ұйымдастыруға музей алаңы дайын екенін жеткіземіз