Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар
2024 жылғы 6 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінде ТДМ 16: Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар тақырыбы бойынша қызықты және ақпараттық тренинг өтті.
Спикер ретінде Алматы қаласындағы ЮНЕСКО кеңсесінің тәжірибелі кеңесшісі болып табылатын Философия докторы Зейнолла С.Ж. сөз сөйледі.
Тренинг барысында С. Ж. Зейнолла қатысушылармен құнды әңгіме өткізіп, оқытушыларға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бағдарламасы шеңберінде ТДМ (орнықты даму мақсаттары) тиімді іске асырудың әдістемелері мен тәсілдерін түсіндірді. Ол азаматтық белсенділікті қалыптастыруға және тұрақты қоғамның дамуына ықпал ететін осы мақсаттарды білім беру процесіне дұрыс түсіну мен интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
Зейнолла С.Ж. және барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және құнды тәжірибе алмасқаны үшін Алғыс білдіреміз. Ұйымдастырушылар мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедралары болды.