Кәсіби маманданудағы негізгі фактор
Білім беру үрдісіндегі бағалау критерийі мен бағалау әдісі оқытудың күткен, болжалды нәтижелеріне сәйкес әрі өзара байланыста болуы қажет. Бағалау критерийі – білім алушының білім деңгейін анықтауда қолданылатын негізгі көрсеткіш. Бұл критерий білім беру нәтижелерін бағалайтын әдістердің көмегі арқылы орындалады.
Соңғы жылдары оқу үрдісінде оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді растайтын бағалау әдістерінің онлайн формалары өте кең қолданыста. Атап айтқанда: қазіргі таңда факультетімізде қолданылатын мұндай формаларға Moodle ҚОЖ платформасында өткізілетін кейс-тапсырма, эссе, шығармашылық тапсырма, тестілеу, аралас емтихан (онлайн/офлайн), портфолио жатады. Оқытудың күткен нәтижелеріне қарай таңдалған бағалау формасына сәйкес, білім алушыға тапсырманы цифрлық технологияның көмегімен нақтылауға, оны ары қарай онлайн қорғауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушының білім деңгейін айшықтай түседі. Атап айтқанда: бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі білім алушыға кәсіби бағдарламаларға сәйкес, болашақ маман ретінде нақты тұжырымдама жасауды және негіздеуді үйретеді.
Назым СМАҒҰЛОВА,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті, х.ғ.к.