ҚазҰУ EcoThone байқауында II орын алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының 1-курс студенті Атина Басарова куратор-эдвайзер, заң ғылымының кандидаты, доцент Қарлығаш Үсейінованың жетекшілігімен EcoThone байқауында 2-орын алды.
Алматыда өткен байқау «Әлеуметтік-экологиялық қор» қоғамдық қоры, «ЭКОЦЕНТР» қоғамдық бірлестігі және БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп іске асырылды.
Аталған жоба «Балалар мен жастарды климаттың өзгеруі, энергияны тұрақты пайдалану және қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес мәселелерін ілгерілетуге тарту» бағдарламасы шеңберінде өтті.
Атина Басарованың командасы EcoDos қосымшасының тұсаукесерін өткізді. EcoDos қосымшасы – бұл адамдар қайта өңдеу және экологиялық іс-шаралардағы жетістіктер арқылы ұпай жинай алатын платформа. Сондай-ақ бұл – пайдаланушылар қажетті тәжірибе, идеялар алмасып, экологиялық қозғалыстар жасай алатын онлайн-қауымдастық.
Қазылар шешімі бойынша Атина Басарованың командасы 2-орынға ие болды және оларға жобаны іске асыруға 200 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі