Сапалы білім тақырыбына арналған дөңгелек үстел
2024 жылдың 5 наурызында БҰҰ-ның 4-мақсаты «Сапалы білім беру» мақсатын жүзеге асыру аясында ҚазҰУ филология факультетінің №17 жатақханасында «Дөңгелек үстел» өтті. Бұл іс-шараға «Шетел филологиясы» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты, модераторы «Шетел филологиясы» және «аударма ісі» кафедрасының доценті О.А. Куратова болды.
Студент спикерлер шет тілдерінің қазіргі әлемдегі рөліне тоқталып, шет тілдерін үйрену қазіргі адам өмірінің маңызды аспектісі екенін атап өтті. Шет тілдерін білу басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға ойлауға мүмкінді береді. Шет тілін білу мемлекеттердің бір-бірімен өмірдің көптеген салаларында - ғылымда, саясатта, мәдениетте, өнерде және т.б. тиімді әрекеттесуі үшін қажет.
Ал, сөзсіз «Шетел филологиясы» мамандығы аясында шет тілдерін білу кәсіби құзыреттілік шарттарының бірі болып табылады.