«Көліктің тұрақты дамуы: экономика, трансформация, логистика, ESG-күн тәртібі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

27 ақпан, 2024

27.02.2024 – 29.02.2024 ж. аралығында Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарының 9 мақсат «Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым» аясында Өзбекістан Республикасы, Ташкент қаласындағы Ташкент мемлекеттік көлік университетінде «Көліктің тұрақты дамуы: экономика, трансформация, логистика, ESG-күн тәртібі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция жұмысында Қ.Ж.Қуандықов «Жаңа Жібек жолы: Қазақстанның Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы тасымалдаудағы рөлі» атты баяндама жасады. Конференцияға Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қызғыз Республикасы, Өзбекістан Республикасының ғалымдары мен мамандары қатысты.