2024 жылғы 27 ақпанда аль- Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында,Алматыдағы Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен, кафедраның ашылуының 30 жылдығына орай корей тілінде эссе байқауы өткізілді. Байқауға екінші курс студенттері қатысты. Байқау үлкен ынтамен және қызығушылықпен өтті. Қатысушылар корей тілін меңгерудің жоғары деңгейін және мәтіннің мазмұнын көрсетіп, "Менің қалам – Алматы" тақырыбында эссе жазды. Эсселер кешенді емтихан болғандықтан, тестілік емтихандарға қарағанда қиынырақ болады. Сонымен қатар, қатысушылар екінші курс студенттері болғанымен жазылған эсселер грамматика мен сөйлем құрылысы жағынан керемет деңгейде болды(кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды) және мазмұны қызықты сөйлемдермен жақсы айтылды. Байқауда жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға ақша мен сыйлықтар табыс етілді. Біз эссе жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және корей тілінің деңгейі тек қатысушыларды ғана емес, кафедраның барлық студенттерін де жақсартады деп үміттенеміз.