ҚазҰУ -дың 90 жылдығына арнаған Халыкаралык Хинди тілі конференциясы
Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясындағы, тұрақты даму үшін серіктестік бағыты бойынша, 13.03.2024. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндітану бөлімінің 25 жылдығы және ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай, «Үндістан және Еуразия елдеріндегі үндітану зерттеулерінің бүгіні мен келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы болды. Аталмыш конференцияға Армения, Әзірбайджан, Түркіменстан, Ресей, Белорусь, Үндістан, Тажікстан, Өзбекстан елдерінің хинди тілінің таңдаулы мамандары қатысты. Конференцияны ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев мырза мен Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Нагендра Прасад мырза ашты. Іс-шара барысында, хинди тілінің Орталық Азияда дамуы, бүгіні мен келешегі, сондай ақ, қазіргі өзекті мәселелері козғалды. Шетелдік және отандық хинди тілі зерттеушілерінің баяндамалары тындалып, қызу пікірталас жүрді.