Баянауыл ауданында профессор Сапар Түсіпбеков атындағы кабинет ашылды

15 желтоқсан, 2023

 Тұрақты даму мақсаты 4 бағдарламасын орындау аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының доценті Тусупбекова А. С. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақши ауылының негізгі жалпы білім беретін мектебінде химия кабинетін ұйымдастыруға демеушілік көмек көрсетті. Ол мектепке зертханалық үстелді, химия бойынша анықтамалық-нұсқаулық қабырға кестелерінің жиынтығын, 50-ден астам атауды қамтитын химиялық ыдыс-аяқ жиынтығын, түрлі кұралдар мен қосымша бөлшектер жиынтығын әкелді, олардың көмегімен химияны оқытудың негізгі және тереңдетілген деңгейлері бағдарламасы бойынша бейорганикалық және органикалық химия бойынша демонстрациялық тәжірибелер жүргәзу үшін әртүрлі аспаптар мен қондырғылар жинауға болады.

         Химия кабинетінің ашылуына аудандық білім бөлімінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, мұғалімдер мен оқушылар қатысты.

 

Түсіпбекова А.С.