Мұхамеджан Ахмедияұлы Пакирдинов атындағы Стипендия

14 наурыз, 2024

12 наурыз 2024 жыл ҒСК «Елтұтқа» мен қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы – білім және факультеттің әлеуметтік – мәдени өміріне белсене қатысқаны үшін заң факультетінің студенті Төлеуіш Арсен Ерболұлына осы факультеттің түлегі, әділет генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері Пакирдинов Мұхамеджан Ахмедияұлы атындағы стипендияның сертификатын табыстады.

Бұндай сипаттағы студенттерді көтермелеу шаралары өзге студенттерге үлгі болумен қатар, стипендиаттың жеке дамуы мен алға жылжуына негіз болады деп ойлаймыз. Жиын соңында кафедра мен клуб мүшелері Төлеуіш Арсен Ерболұлына алдағы уақытта да жеңістер тіледі.