ТДМ 4. «14 наурыз - Көрісу мейрамы» атты тәрбиелік іс-шара

14 наурыз, 2024

«14 наурыз - Көрісу мейрамы» атты тәрбиелік іс-шара

 

14 наурыз күні ҚазҰУ кампусының айналасында «Техникалық физика» оқу бағдарламасының 115 топ студенттерінің ұйымдастыруымен амал мерекесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттерді қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.

Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылар: оқытушылар Таженова М., Масина М.