Жоғары оқу орындары мен өндірістің байланысы – сапалы білім негізі

27 қараша, 2023

Қазіргі уақытта еңбек нарығындағы басты мәселелер бірі мамандарды даярлау сапасы мен олардың қажеттілігі болып табылады.

Осыған байланысты жоғары білікті мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етуде жоғары білім мен өндіріс саласы арасындағы олардың күш-жігерін біріктіру арқылы іс-әрекет өзекті міндет болып табылады (№4 Тұрақты даму мақсаты – Сапалы білім беру).

24.11.2023 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының оқытушылары Р.А. Искакова, С.М. Наренова "6В05301-Химия" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 және 4 курс студенттеріне “ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия”  кәсіпорынына, атап айтқанда майлау материалдарын өндіретін заманауи зауытқа экскурсия жасады. Білім алушылар роботтандырылған өндірістік цехпен және дайын өнімді сақтау қоймасымен, сондай-ақ заманауи сапаны бақылау зертханасымен танысты.

Компания өкілі С.С. Барбашов студенттердің осы кәсіпорынмен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айта кете, оның базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өту мүмкіндігі жоғары екендігін айтты. Оларды сәтті аяқтаған кезде және білім алушының ғылыми-техникалық әлеуетін негізге ала отырып, компания бітірушіні одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесін де қарастыра алатындығын атап кетті.

Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының доцентінің м.а.: Наренова С. М., Искакова Р. А.